ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТТІ

08 қараша 2018, Бейсенбі70

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында Арал ауданында Қызылорда қаласының мәдени күндері өткізілді.

Аталмыш шара барысында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов және Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация аудандағы 
Ә. Нұрпейісов атындағы Әдебиет үйінде және Рәміздер алаңында болды. Сонымен қатар, Өрт сөндіру депосының және «Аралтұз»АҚ-ның жұмысымен танысты.

Аудандық мәдениет өткен аудан тұрғындарына арналған мерекелік концертте Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы қаланың 200 жылдық мерейтойына Арал ауданының жасаған тартуына ризашылығын білдіріп, ауданның бірқатар азаматтарына Қызылорданың 200 жылдығына арналған «Мерейтойлық медальді» табыстады.

Салтанатты шара өнерпаздардың мерекелік концертімен жалғасты. Онда қазақтың халық әндері, ұлттық билері, әлемдік классикалық музыканың озық үлгілері орындалды.

Ұқсас жаңалықтар

08 қараша 2018, Бейсенбі70
08 қараша 2018, Бейсенбі70
08 қараша 2018, Бейсенбі70
08 қараша 2018, Бейсенбі70
08 қараша 2018, Бейсенбі70
08 қараша 2018, Бейсенбі70
08 қараша 2018, Бейсенбі70
08 қараша 2018, Бейсенбі70
08 қараша 2018, Бейсенбі70
08 қараша 2018, Бейсенбі70
Пайдалы сiлтемелер