ШЫНДЫҚТЫҢ ШЫРАҒДАНЫ АТАНҒАН – ШӘКІРАТ ДӘРМАҒАМБЕТОВ 90 ЖАСТА

03 қараша 2018, Сенбі98

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Арал ауданының құрметті азаматы, ардагер-журналист Шәкірат Дәрмағамбетовтың 90 жылдық мерейтойына орай кездесу кеші өткізілді.

Кездесу кешінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев абыз ақсақалды мерейтойымен құттықтап, «Құрмет Грамотасын» табыстап, қазақы дәстүр бойынша иығына шапан жапты.

Аталған мерейтойға арнайы ыстық ықыласын білдіре келген Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Әбішев құттықтау сөз сөйлеп, Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлының және қалалық ардагерлер кеңесінің арнайы құттықтауын табыс етті.

Шәкірат Дәрмағамбетұлының ауылдас, бауырлас, қаламдас болған әріптес, ақын інілері, ардагерлер қауымы ізгі ниеттерін білдіріп, естеліктерімен бөлісті. 
Кеш барысында мерейтой иесіне арналған арнау өлеңдер мен әсем әндер тыңдалды.

Шәкірат Дәрмағамбетұлы еліміздің баспасөзі мен ақпарат саласын биікке шығару үшін аянбай қызмет етіп, зейнеткерлікке шықса да баспасөз саласындағы журналистік қызметін бүгінгі күнге дейін жалғастырып келеді.

Бүгінде ұлағатты ұрпақтарды тәрбиелеп өсіріп, әулетінің алтын діңгегі-алып бәйтерегіне, жанашыр жұртының арқасүйеріне айналды.

Ұқсас жаңалықтар

03 қараша 2018, Сенбі98
03 қараша 2018, Сенбі98
03 қараша 2018, Сенбі98
03 қараша 2018, Сенбі98
03 қараша 2018, Сенбі98
03 қараша 2018, Сенбі98
03 қараша 2018, Сенбі98
03 қараша 2018, Сенбі98
Пайдалы сiлтемелер