АУДАН ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

11 қазан 2018, Бейсенбі253

Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы ғимаратында аудан әкімі М.Оразбаев қоғамдық қабылдау өткізді. Алдымен аудан әкімінің қабылдауында жақында жаңа баспананың кілті табысталған, апатты жағдайда деп танылған Аралтұз көшесі №36 пәтердің бұрынғы тұрғындары болды.

Тұрғындар аудан басшысымен кездесу барысында жалға берілген жаңа баспаналарының төлемақысы және коммуналдық төлемдер жөнінде сауалдарын қойды. Аудан  әкімі Мұхтар Әуесұлы тұрғындарға бұл мәселелер «ҚР тұрғын үй қатынастары» заңы аясында тұрғын үй берілу  шарттарына сәйкес келісімшарт негізінде белгіленіп, жүзеге асырылатындығын түсіндірді. Тұрғындар баспаналы болуға барлық мүмкіндікті жасаған аймақ басшысына және аудан  әкіміне  ризашылықтарын жеткізді.

Сонымен қатар, аудан басшысына Аралқұм ауылының тұрғыны Құлназаров Сұлтанбек жеке меселесімен жүгінді. Қала тұрғыны Скакова Асыл тұрғын үй мәселесімен және Жұмағалиева Айсұлу жұмыссыздық мәселесімен аудан әкімінің қабылдауында  болып, өтініштерін білдірді.

Тұрғындардың өтiнiштерiн мұқият тыңдаған аудан басшысы олардың тарапынан айтылған мәселелердiң оңтайлы шешiмiн табуы үшiн заңдылығына сәйкес, жұмыстар жасалып, өтініштерінің ескерілетіндігін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

11 қазан 2018, Бейсенбі253
11 қазан 2018, Бейсенбі253
11 қазан 2018, Бейсенбі253
11 қазан 2018, Бейсенбі253
11 қазан 2018, Бейсенбі253
11 қазан 2018, Бейсенбі253
Пайдалы сiлтемелер