БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

11 қазан 2018, Бейсенбі222

Зейнолла Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде Шығыс Қазақстан және Павлодар облысының делегация өкілдері аудан тұрғындарымен кездесті.

Солтүстік аудандарға тұрғындардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін бос жұмыс орындарын ұсынды.

Шығыс Қазақстан және Павлодар облысы аудандарындағы бос жұмыс орындарының басым бөлігі: дәрігерлер, медбикелер,  мұғалім, жүргізушілер,  машина операторлары, агроном, аспаз және т.б. болды.

"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға" бағдарламасының үшінші бағыты: еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту аясында бағдарламаға қатысушыларды  мемлекет тарапынан көшуге және тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беру қамтамасыз етіледі.

Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының келісімімен олардың жеке меншігіне тұрғын үй сатып алу үшін аудандық/қалалық комиссия ұсынымдарының негізінде отбасына бір жылға есептелген сома шегінде субсидия сомасын бір рет төлеуге жол беріледі.

Делегация мүшелері қалалық мәдениет үйіне келген тұрғындардың әрбіріне қызығушылық танытқан мамандықтарына және жұмыс орындарына сәйкес мемлекет тарапынан берілетін төлемақылардың төлену жолдарын түсіндірді.

Ұқсас жаңалықтар

11 қазан 2018, Бейсенбі222
11 қазан 2018, Бейсенбі222
11 қазан 2018, Бейсенбі222
11 қазан 2018, Бейсенбі222
11 қазан 2018, Бейсенбі222
11 қазан 2018, Бейсенбі222
Пайдалы сiлтемелер