ҚЫЗЫЛОРДАДА «АРАЛ КҮНДЕРІ» ӨТКІЗІЛДІ

10 қазан 2018, Сәрсенбі262

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында жаңғыртылған аллеяның ашылу рәсімі және мерекелік концерт өтті. Мерекелік шара қалалық сапаржай маңында орналасқан жаңғыртылған аллеяның таныстырылымымен басталды.

2000 шаршы метр болатын аумақты қалпына келтіру, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қайта жаңғырту жұмыстары демеушілер есебінен жүзеге асырылды.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев нысанды қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты және аудандық қоғам қайраткерлерімен кездесті.

Сондай-ақ, бүгін А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Теңіздің толқынынан маржан шашып, жырлайды айдынды Арал жұлдыздары» атты  Арал өңірі өнерпаздарының концерті өтті. Онда қазақ халық әндері мен билері, патриоттық шығармалар, күйлер және әлемдік классикалық музыканың озық үлгілері орындалды.

Айта кетейік, Қызылорда облысы аудандарының шығармашылық ұжымдары 200 жылдық мерейтойға арналған концерт пен мерекелік түрлі шаралар өткізуде.

Ұқсас жаңалықтар

10 қазан 2018, Сәрсенбі262
10 қазан 2018, Сәрсенбі262
10 қазан 2018, Сәрсенбі262
10 қазан 2018, Сәрсенбі262
10 қазан 2018, Сәрсенбі262
10 қазан 2018, Сәрсенбі262
Пайдалы сiлтемелер