АРАЛ АУДАНЫНДА МЕДИАТОРЛАРДЫ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

14 маусым 2018, Бейсенбі62

Күні кеше аудандық мәдениет үйінде «Бітім» медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен медиаторларды оқыту мақсатында арнайы семинар өткізілді. Семинарға Арал аудандық сотының төрағасы Е.Тұрбаев, соттың қызметкерлері, кәсіпқой медиатор Б.Бердалиев және кәсіпқой емес медиаторлар қатысты.

Оқыту семинарын аудандық соттың төрағасы Е.Тұрбаев ашып, жүргізіп отырды. Семинар барысында Қызылорда облысының медиация орталығының басшысы, жаттықтырушы медиатор Ляззат Бақтыбаева сөз алып, медиациямен татуластыру орталығы Қазақстан Республикасы бойынша Қызылорда облысында ғана екендігін және осы оқу-семинардың мақсаты – қатысушылардың медиация саласында қызмет көрсету білімін, дағдыларды игеру, іс-шараларды жүргізу үшін қажетті қасиеттерді меңгеру екендігін атап өтті.

Осы орайда, аудандық сот төрағасы Е.Тұрбаев «Медиация туралы» Заңы қабылданғаннан бері, ауданында кәсіпқой медиатор Б.Бердалиев және кәсіпқой емес медиаторлар қызмет атқаратындарын, сонымен қатар медиаторлардың қатары көбейіп келе жатқандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, осы саланы жетілдіре түсу мақсатында түрлі іс-шаралар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, жиналыстар болып тұратындығын жеткізген ол осы бағытта татуластыру рәсімдерінің тиімділігі мен азаматтардың дау-жанжалдарды соттан тыс реттеулерінің пайдалы тұстары жайлы ұдайы түсіндіру шараларын жүргізудің маңызды екендігін айтты.

Осы ретте айта кету керек, қазіргі таңда Арал аудандық соты медиация көмегімен татуластыру рәсімдерін қолдануда алдыңғы қатардан көрініп келеді. Осыған сәйкес, аудан медиаторлары Жоғарғы Сот Төрағасының грамотасын иеленіп те үлгерген.  

Семинар соңында, қатысушылар осы шараның өзектілігі мен маңыздылығын қорытындылап, барлық қатысушылар арнайы сертификаттарға  ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

14 маусым 2018, Бейсенбі62
14 маусым 2018, Бейсенбі62
14 маусым 2018, Бейсенбі62
14 маусым 2018, Бейсенбі62
14 маусым 2018, Бейсенбі62
14 маусым 2018, Бейсенбі62
Пайдалы сiлтемелер