ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ТУРАЛЫ

13 маусым 2018, Сәрсенбі168

Арал ауданы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу 2018 жылдың 22 маусымы күні Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназия базасында өткізіледі. 11 сынып бітіруші 830 түлектің 454-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. 20 маусым күні 50 километрден асатын алыс елді мекендерден 176 бала Арал қаласындағы №2 санаториялық мектеп-интернатқа орналастырылады. Қала орталығында орналасқан  «Хан шатыры» мейрамханасында балалар  4 мезгіл тамақтандырылады. 22 маусым күні  қала мектептерінен 211 және 50 км-ден жақын елді мекендерден  67 оқушы тасымалданады.

ҰБТ-ны өткізуге Ұлттық тестілеу орталығы техникалық құралдармен толық жабдықталған. Мектеп-гимназия ауласында ата-аналарға  күннен қорғайтын  жазғы 2 шатыр құрылғы орнатылып, оқушылардың ҰБТ-ны  тапсыру барысын байқау үшін 2 теледидардан онлайн трансляция   жүргізіледі.  

Ұқсас жаңалықтар

13 маусым 2018, Сәрсенбі168
13 маусым 2018, Сәрсенбі168
13 маусым 2018, Сәрсенбі168
13 маусым 2018, Сәрсенбі168
13 маусым 2018, Сәрсенбі168
13 маусым 2018, Сәрсенбі168
13 маусым 2018, Сәрсенбі168
13 маусым 2018, Сәрсенбі168
13 маусым 2018, Сәрсенбі168
13 маусым 2018, Сәрсенбі168
Пайдалы сiлтемелер