ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

13 қараша 2017, Дүйсенбі76

Бүгін аудандық мәдениет үйінде облыс әкімінің орынбасары Қ.Ысқақов пен ағымдағы жылдың наурыз айында бекітілген облыстық департаменттер мен басқармалардың жұмыстарын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспарға сәйкес құрылған ақпараттық мобильді топ тұрғындармен кездесу өткізді.

 Аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішевтің төрағалығымен өткен жиынға аудандағы республикалық, облыстық, аудандық қаржыландыратын мекемелер мен ұйым қызметкерлері, қала, кент, ауылдық округ әкімдері және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты 2018 жылдан бастап енгізілетін  «Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын қолданысқа енгізу тәсілдері», «Базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесінің өзгеруі», «Нәтижелі жұмыспен қамту», «Бейресми жұмыспен қамтылған жеке тұлғалардың қызметін заңдастыру» және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына енгізілген өзгерістер» бойынша тиісті ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу болатын. 

Күн тәртібінде көтеріліп отырған мәселелерді халыққа жан-жақты түсіндіру мақсатында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Есқараева, осы басқарманың жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Ж.Дәулетбаева, Қызылорда облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің бас маманы Қ.Сәрсенов және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Арал қаласының қызмет көрсету орталығының бастығы Ғ.Айбосынова қатысып, баяндама жасады.

        Сондай-ақ, жиынға қатысушылар атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматына байланысты түрлі сауалдарын қойып, тиісті сала мамандарынан тұщымды жауаптарын алды.

Ұқсас жаңалықтар

13 қараша 2017, Дүйсенбі76
13 қараша 2017, Дүйсенбі76
13 қараша 2017, Дүйсенбі76
13 қараша 2017, Дүйсенбі76
13 қараша 2017, Дүйсенбі76
13 қараша 2017, Дүйсенбі76
13 қараша 2017, Дүйсенбі76
13 қараша 2017, Дүйсенбі76
Пайдалы сiлтемелер