АРАЛДЫҚТАР «ТАЛ КҮНІ» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСУДА

11 қараша 2017, Сенбі86

Бүгін Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында аудан көлемінде «Тал күні» акциясы өтуде.
Табиғаттың тынысын ашу, қоршаған ортаның абаттануына бір кісідей атсалысуды және туған жерді қастерлеуді көздеген акция аясында қыркүйек айында жарияланған санитарлық тазалықтың екі айлығы қорытындыланды. «Туған жер» бағдарламасына орай ұйымдастырылған акция шеңберінде ертеңгілік мезгілден бері ауданға қарасты барлық ауыл-аймақта тазарту жұмыстары жүргізіліп, талдар егілді.
Атап айтқанда, Арал қаласы бойынша қалаға кіре берістегі саябаққа 200 түп тал егілсе, аудандық орталық мешіттің ауласына 50 дана, орталықтағы Т.Медетбаев алаңына 50 дана және қалаға қарасты 10 білім ошақтары мен 4 балабақша ауласына 210 түп тал көшеттері отырғызылды. 
Шараға барлық мемлекеттік мекеме ұжымдары, жастар ұйымдары мен мемлекеттік қызметкерлер белсене қатысты.
Айта кету керек, аталмыш игі бастама ауданға қарасты кенттер мен ауылдық округтерде де белсенді жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

11 қараша 2017, Сенбі86
11 қараша 2017, Сенбі86
11 қараша 2017, Сенбі86
11 қараша 2017, Сенбі86
11 қараша 2017, Сенбі86
11 қараша 2017, Сенбі86
11 қараша 2017, Сенбі86
11 қараша 2017, Сенбі86
Пайдалы сiлтемелер