ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

07 қараша 2017, Сейсенбі38

Қоғам әрдайым тәртіпке негізделіп тіршілік етеді. Ендеше, қоғамда тәртіп болмаса, оның келешегі бұлыңғыр екені айтпаса да белгілі. Осы ретте, күні кеше ауданға қарасты қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлім басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен аудан әкімдігі жанынан құрылған құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. 
Арнайы басқосуда аудан әкімі, комиссия төрағасы М.Оразбаев бірінші кезекте аудан көлемінде орын алған қылмыстардың өсім алып бара жатқандығын қынжыла жеткізіп, осыған орай күн тәртібінде 2017 жылдың 10 айдағы қылмыстық ахуалдың жағдайы, оның ішінде ұрлық қылмыстарының алдын алу шаралары, жергілікті полиция қызметінің қоғамдық тәртіпті сақтау, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтар профилактикасы саласындағы атқарылған жұмыстары және Аралқұм ауылдық округі бойынша мал ұрлығының алдын алу мақсатында атқарылған шаралардың барысы талқыланатынын айтты.
Алаңдауға айтарлықтай себеп бар, құқықтық статистикалық деректерге сәйкес 2017 жылдың 
10 айының қорытындысымен аудан аумағында қылмыстылық деңгейі біршама жоғарылағандығы байқалуда. Соның ішінде, қарақшылық қылмысы мен жасөспірімдермен жасалған қылмыстардың салмағы басым. 
Осыған сәйкес күн тәртібінде көтерілген үш мәселе бойынша аудан прокурорының орынбасары Е.Әмірбеков, жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Б.Аймырзаев пен Аралқұм ауылдық округінің әкімі С.Садықбаевтар атқаралып жатқан жұмыс барысын тарқата айтып, маңызды мәселелерге тоқталып өтті.
Белгілі болғандай, құқық бұзушылықтың алдын алу үшін тиісті органдар түрлі іс-шаралар жасап та, ұйымдастырып та жатыр. Дегенмен, өңірдегі құқық қорғау және мемлекеттік органдардың ведомствоаралық мәжілісінде аталған мәселе кеңінен талқыланып, шешу жолдары қарастырылды. 
Жиын соңында аудан әкімі М.Оразбаев жыл басынан бергі атқарылған істерге баға бере келіп, қала және аудандар бойынша кеткен кемшіліктерді жоюды міндеттеді. Сонымен қатар, комиссия жұмысын жүйелі жүргізуге бағытталған хаттамалық тапсырмалар тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

07 қараша 2017, Сейсенбі38
07 қараша 2017, Сейсенбі38
07 қараша 2017, Сейсенбі38
07 қараша 2017, Сейсенбі38
07 қараша 2017, Сейсенбі38
07 қараша 2017, Сейсенбі38
07 қараша 2017, Сейсенбі38
07 қараша 2017, Сейсенбі38
Пайдалы сiлтемелер