ЖАЙДАРМАНШЫЛАР ӘКІМ КУБОГЫН САРАПҚА САЛДЫ

07 қараша 2017, Сейсенбі37

Аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық жастар ресурстық орталығы, «Арал-АС» шығармашылық тобы және «Ғайберен» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Арал ауданы әкімінің кубогы» үшін аудандық жайдарман әзіл-ысқақшылар сайысы өтті. Қала көрермендері мен қонақтары белсене тамашалаған сайысқа аудан орталығынан бөлек кенттер мен ауылдық округтерден барлығы 14 команда қатысып, бақ сынасты. 
Ойын қорытындысы бойынша "Есіңде болсын" тобы әдемі әзілдерімен көзге түсіп, әділқазылар алқасының жоғарғы ұпайына ие болып, сайыстың бас жүлдесі «Арал ауданы әкімінің кубогымен» марапатталса, Кемалова Айым «Үздік ойыншы» номинациясын иеленді. Осылайша, көрермендрге үздік өнер сыйлаған жайдарманшыларға арнайы дайындалған кубоктар мен дипломдар табысталды.
#руханижаңғыру
#жайдарман
#жастар_ресурстық_орталығы 
#жро 
#aral 
#aralsea

Ұқсас жаңалықтар

07 қараша 2017, Сейсенбі37
07 қараша 2017, Сейсенбі37
07 қараша 2017, Сейсенбі37
07 қараша 2017, Сейсенбі37
07 қараша 2017, Сейсенбі37
07 қараша 2017, Сейсенбі37
07 қараша 2017, Сейсенбі37
07 қараша 2017, Сейсенбі37
Пайдалы сiлтемелер