ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСШЫ ТОП АРАЛДА БОЛЫП ҚАЙТТЫ

07 қараша 2017, Сейсенбі32

Бүгін аймақ басшысының арнайы тапсырмасына сәйкес облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев және облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Сұлушаш Айтбаевалар алғашқы жұмыс сапарын Аралдан бастады. 
Ауданымызға арнайы ат басын тіреген облыстық жұмысшы топ алдымен аудан әкімінің төрағалығымен өткен мәжіліске қатысып, күн тәртібінде аудан аумағындағы жер қорына түгендеу жүргізу және елді мекен шекарларын нақтылау жұмыстарын жүргізу, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының ауданда жүзеге асырылуы және ауданға 2017 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржылардың игерілуі туралы өзекті мәселелер қаралды. 
Алғашқы мәселе жөнінде аудан әкімінің орынбасары М.Мейірбеков қолда бар жер қорына талдау жүргізу нәтижесінде анықталған мәліметтерді хабарлап өтті. Мұнан соң, Елбасының бағдарламалық мақаласына сәйкес аудан көлемінде атқарылған шаралар легін аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев баяндаса, облыстық бюджеттен бөлінген қаржылардың игерілу барысын аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов баяндап шықты.
Жиын соңында облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов талқыланған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірін білдіріп, қорытындылады.

Ұқсас жаңалықтар

07 қараша 2017, Сейсенбі32
07 қараша 2017, Сейсенбі32
07 қараша 2017, Сейсенбі32
07 қараша 2017, Сейсенбі32
07 қараша 2017, Сейсенбі32
07 қараша 2017, Сейсенбі32
07 қараша 2017, Сейсенбі32
07 қараша 2017, Сейсенбі32
Пайдалы сiлтемелер