«ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫ НАСИХАТТАЛДЫ

19 сәуiр 2017, Сәрсенбі221

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Арал аудандық бөлімінде «Электронды үкімет» порталын халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Бөлімге келген тұтынушыларға электронды мемлекеттік қызметтерді пайдаланудың тиімділігін, жылдамдығын, оңтайлылығын айтып түсіндіру, «Өзіне – өзі қызмет көрсету» бұрышында азаматтардың порталға өз бетінше тіркеліп, өтініш беріп, айыппұлдарды, түрлі салық түрлерін төлеуге және анықтмалар алып, қалағанынша мемлекеттік қызметтерді еркін пайдалануға жол ашылды.   Сонымен қатар, 2017 жылдың сәуір айында бөлім қызметкерлері аудан орталығынан шалғай орналасқан елді-мекендерді аралап, ауыл тұрғындарына «Электронды үкімет» порталынан ақпарат алудың тиімділігі, ыңғайлылығы жөнінде насихаттады. Тіпті бөлімге келмей-ақ, үйде немесе жұмыс орнында отырып интернет желісін пайдаланып, электронды сандық қолтаңба арқылы порталға тіркеліп, қажетті анықтамалар алып, өтінш беруге болатындығы түсіндірілді.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің  баспасөз  қызметі

Ұқсас жаңалықтар

19 сәуiр 2017, Сәрсенбі221
19 сәуiр 2017, Сәрсенбі221
19 сәуiр 2017, Сәрсенбі221
19 сәуiр 2017, Сәрсенбі221
19 сәуiр 2017, Сәрсенбі221
19 сәуiр 2017, Сәрсенбі221
19 сәуiр 2017, Сәрсенбі221
19 сәуiр 2017, Сәрсенбі221
Пайдалы сiлтемелер