ӘКІМДІК ЖӘНЕ КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

17 сәуiр 2017, Дүйсенбі117

Барлық ауылдық округ әкімдерінің және мекеме басшыларының қатысуымен әкімдік және кеңейтілген аппарат мәжілісінің отырысы өтті.
Әкімдік мәжілісінде бюджет қаржысының игерілуі және аудандағы жалпы білім беретін мектептердің Ұлттық Бірыңғай Тестілеу мен қорытынды аттестаттауға дайындығы мәселелері қаралды.
Аппарат мәжілісінде «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуы мен ауылшаруашылығы кооперативтерін құру мәселелері талқыланды. Жиын барысында ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту және салық түсімдерінің орындалу барысы қаралды. 
Сонымен қатар аудан бойынша 2017 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының барысы тыңдалды.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы жұмыстардың орындалуы нәтижесінде кейбір олқылықтарды баса айтып, тиісті адамдарға ескерту жасады. Алдағы уақытта атқарылатын бірқатар жұмыстарға байланысты нақты тапсырмалар берді.

Ұқсас жаңалықтар

17 сәуiр 2017, Дүйсенбі117
17 сәуiр 2017, Дүйсенбі117
17 сәуiр 2017, Дүйсенбі117
17 сәуiр 2017, Дүйсенбі117
17 сәуiр 2017, Дүйсенбі117
17 сәуiр 2017, Дүйсенбі117
17 сәуiр 2017, Дүйсенбі117
17 сәуiр 2017, Дүйсенбі117
Пайдалы сiлтемелер