СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕ ҰЙЫМДАСҚАН ТҮРДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ

15 сәуiр 2017, Сенбі40

Бүгін аудан әкімі М. Оразбаев жұмыс сапарымен Сексеуіл кентінде болды. Сапар барысында санитарлық тазалыққа байланысты сенбілікте атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Сенбілікке 12 темір жол мекемесі, 8 бюджеттік мекеме, 3 балабақша ұжымдары бірауыздан шығып, кенттің батыс бөлігіндегі трассаның екі жағына жиналған лас-қоқыстарды тазартты. Мекеме ұжымдарынан, кент әкімі аппаратынан және қоғамдық ұйымдардан барлығы 425 адам кентті лас-қоқыстардан тазалауға атсалысты. Бүгінгі сенбілікте жеке тұлғалар да өздерінің жүк тасу көліктерімен шығып, тазалық жұмыстарын жүргізуге өз үлестерін қосты. Арнайы техникалардың көмегімен 600 тонна қоқыс қалдықтары белгіленген орындарға шығарылды.

Ұқсас жаңалықтар

15 сәуiр 2017, Сенбі40
15 сәуiр 2017, Сенбі40
15 сәуiр 2017, Сенбі40
15 сәуiр 2017, Сенбі40
15 сәуiр 2017, Сенбі40
15 сәуiр 2017, Сенбі40
15 сәуiр 2017, Сенбі40
15 сәуiр 2017, Сенбі40
15 сәуiр 2017, Сенбі40
15 сәуiр 2017, Сенбі40
Пайдалы сiлтемелер