Несиелеу

Арал ауданында шағын және орта бизнесті несиелендіру туралы

1. «Камбала-Балық» БОӨ ЖШС-інің (жоба бастамашысы Ш.Әбдуәлиев) «Балық өнімдерін өңдеу және консервілеу» жобасы  бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесімен мақұлданып, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ы арқылы 11,0 млн. теңге несие алуға қол жеткізді. Қазіргі таңда алынған  несиенің пайыздық мөлшерлемесі субсидиялануда.      

2. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Гранттық қаржыландыру бойынша»  2 жоба қайтарымсыз гранттар жеңіп алды. Оның ішінде:  

  • Жеке кәсіпкер Н.Сексенбаев «ара шаруашылығын ашу» бизнес-жобасы бойынша  конкурсқа қатысып, нәтижесінде  1 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грантты жеңіп алды. Қазіргі таңда ара балын өсіру жұмыстарын бастап кетті.
  • Жеке кәсіпкер Әленова Айсауле  «Наубайхана ашу жобасы» бизнес-жобасы бойынша  конкурсқа қатысып, нәтижесінде  1 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грантты жеңіп алды.

 

Пайдалы сiлтемелер