Арал ауданы әкімінің блогы

Оразбаев Мұхтар Әуесұлы

Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың 2016 жылғы 1 қарашадағы.

№414 өкімімен Арал ауданы әкімі қызметіне Оразбаев Мұхтар Әуесұлы тағайындалды.

Оразбаев Мұхтар Әуесұлы 1971 жылы 10 сәуірде Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1996 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын инженер механик мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Аралбалық» акционерлік қоғамы автопаркінің механигі ретінде бастаған. 1997-1999 жылдары «Көл» акционерлік қоғамының бас инженері, 2000-2002 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі жетекші маманы, 2002-2005 жылдары Арал ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, 2005-2006 жылдары Арал ауданы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі. 
2006-2012 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының басшысы болса, 2012 жылдың қаңтар айынан бастап 2016 жылғы дейін Арал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді. 

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсіруде.

 

Арал ауданы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Теңіз төскейінен орын тепкен айдынды Арал өңірі – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған тарихи мекен, жыр өлкесі. Киелі топырағында талай сындарлы кезеңдерді бастан өткерген Арал бүгінде теңізі мен су маржаны, ақ алтыны – ас тұзымен әлемге әйгілі.

Аралда негізінен ата кәсіп саналатын балық және мал шаруашылы кеңінен өріс алған. Елбасының тікелей қолдауы мен сындарлы саясатының арқасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жыл санап жанданып келеді.

Сіздер біздің ресми сайтымызға ену арқылы ауданның барлық тыныс-тіршілігі, мемлекеттік органдардың қызметі, қоғамдық ұйымдардың жұмысы, күнделікті болып жатқан жаңалықтар жайлы ақпарат ала аласыздар. Сонымен қатар, өтініштеріңізге жедел әрі тиімді жауап беру мақсатында аудан әкімінің блогын халықпен байланыс жасаудың біртұтас нысанына біріктіру жөнінде шешім қабылданды. Осы ретте, аудан әкіміне өздеріңізді толғандырып жүрген сұрақтарды жолдауларыңызға болады.

Аудан әкімінің ресми блогы сұрақ-жауап интербелсенді нұсқада жұмыс істейді. Сауалдарыңызды қойып, тілектеріңізді қалдыруға, пікірлеріңізбен бөлісуге шақырамын!

Саламатсызба Мұхтар Əуесұлы.Сізге өз жағдайымды баян етіп ..екінші рет хат жолдап отырмын.Мен Аманөткел ауылының тұрғынымын.Есімім Іздібаева Əсем.Біз анам екеуміз тұрамыз жəне екеумізде жұмыссызбыз деп хат жолдаған болатынмын .Ол өтініш ескерілет алдағы уақытта деп жауап берілген болатын.Аманөткел ауылындағы босайтын мектеп ұстазы Жеткергенов Қаналы ағайдын орынын сұрап жазғанем.Келісімшартпен жасап жатыр босағасын ескеріледі деп айтқансыздар.Жəне мектеп директоры босаса аламын деп уаде берген.Сол уадесі бойынша кеше алдына барған ем.Сен жазған арызды бəрі жазған,жəне биолог маман көбейіп тұр..тест тапсырасын қыркүйек айында сосын кімнің ұпайы жоғары соны қабылдаймын деді.Жарайды тест алуына қарсы емеспін.Менен өзге кезекте тұрған үш маманыңда отбасында жұмыспен толық қамтылған адам бар.Солармен мені теңестіріп отқанына іштей қынжылдым.Себебі бізде отбасында нан табатында кіріс жоққой неге олай жасайды деп ..соны ескерсе болмаспет деп.Жəне қыркүйекте сабақ басталады емеспе, ..бұл сөздің шынайлығына аса сеніңкіремедім..Əдемі жауаппен шығарып салу бəріне оңай.Мен ол кісіге қатты келеалмаймын біресе олай дейсіз біресе бұлай дейсіз деп ,себебі өзімніңде жол көрсеткен ұстазым жəне құрметтеймін .Оқу тəмамдағаныма екі жыл болды еш жұмыссызбын..əрине күнкөріс үшін қосымша жұмыста жасап келем дегенмен мамандығыммен жасағым келеді.Менің жұмысқа қаржы беріп тұратын өзгелердей қаражатым жоқ.Сол үшінде жұмысқа тұруыма кедергісін көбейтіп жатыр деп ойлаймын.Біз ол үшін кінəлі боламызба қайтеміз енді.Біздің материалдық жағдайымыздын төмен екенін бүткіл ауыл халқы біледі...сөйте тұра мені үйінде табысы, жұмысы бар мамандармен бірге салыстырып отқанына жаным ауырады.Менің осы жағдайымның бəрін ескеріп ,маған тұрақты жұмыс тауып берсеңіз деймін.Ескеріледі ,қаралады деген емес толық тұрасын осы жерге тұрғызылдың деп бір жақсы жауап алғым келеді.Мен сізге кіреалмасамда барлық басшыларға барғам.Бұнымның натижесі анау болды мені жұмысы бар жандармен бірге салыстырып қойғаны.Мен ол жауапқа қанағаттанбаймын.Маған ауыл болмаса Арал болсада бір үзім нанымды тауып жейтін тұрақты жұмысқа орналастырарсыз деп сеніммен хат жолдап отырмын.
20 маусым 2018
Қаралған: 67
Құрметті М.Ə.Оразбаев мырза! 2018 жылдың мамыр айында "Нұр Отан" ХДП Арал ауданының филиалында өткізген жеке қабылдауыңызда екі мәселе төңірегінде сұхбат жүргізілген болатын. 1) Арал ауданы əкімдігінде орнатылған ВКБ жүйесі арқылы республикалық мемлекеттік органдарға шығу техникалық мүмкіндігі туралы; 2) Жұмыспен қамту орталығында "Жол картасы - 2020" бағдарламасы арқылы "жұмыс беруші əрі жұмысқа қабылдаушы" екі мəртебеге ие бір жеке кəсіпкердің оқу - даярлау курсынан өту мүмкіндігі туралы. Бірінші мəселеге келетін болсақ оның заңға жəне мемлекеттік органдардың өзара хат алмасу ережесіне сəйкес өзінің шешілу жолдары бар екен. Ол жөнінде Сіз жеке қабылдауыңызда сөз қозғамауға тырыстыңыз. Ал екінші мəселе мүлдем қаралмаған. Уақыттың тығыздылығына сəйкес қайта жеке қабылдауды шұғыл түрде ұйымдастыруыңызды талап етемін.
13 маусым 2018
Қаралған: 61
Құрметті Мұхтар Әуесұлы! Мен, Жалағаш ауданының тумасы Көштаева Шұғыла, хат жазуымның себебі:Ұлы Отан соғысына қатысушы Арал өңірінің тумасы түп нағашы атам Сидыков Садак туралы ақпарат іздестірудемін.Соғыстан іс-түссіз жоғалған атам туралы қандай мәлімет болсада (ФОТОСУРЕТТЕРІ) жинақтауға ықпал етуіңізді сұраймын. Мендегі бар ақпарат; Фамилия Сидыков Имя Садак Дата рождения/Возраст __.__.1917 Дата и место призыва __.06.1942 Аральский РВК, Казахская ССР, Кзыл-Ординская обл., Аральский р-н Воинское звание рядовой Причина выбытия пропал без вести Аты-жөні қате жазылуы да мумкін,түп нағашы ,әжемнің фамилиясы Сидыкова Орынша. Іс түссіз жоғалған атамның қай жақта жерленгенін табу мақсатында,Санкт-Петербург қаласына хат жолдау үшін маған толық ақпарат керек.(Мұрағатта,военкоматта болуы әбден мүмкін),әжемнің айтуы бойынша (Сидыков Садактың қызы) соғыс алдында ол кісі теміржолда жұмыс атқарған,)Әжемнің өзі біршама жасқа келді, (әкесінен жалғыз өзі қалған, әкесін ойлап жылап алады) әкесінің қайда жерленгенін тауып беру, жүрегіне тыныштық ұялату менің басты арманым!Алдын-ала рахмет! Көштаева ШҰҒЫЛА Алмасқызы Жалағаш кенті,Т.Жүргенов көшесі №111 тел, 87243131168
28 мамыр 2018
Қаралған: 77
Сәлеметсізбе Мұхтар Әуесұлы! Мен Үмбетова Гүлбану Арал қаласы Б.Ермағамбетов тұйығы № 8 үйдің тұрғынымын. Сізден өтініп сұраймын мені жұмысқа тұрғызуға көмек беріңізші. Мамандықтарым жоғары "Эколог", "Заңгер". № 14 орыс мектебінде "Программист", Арал аудандық обаға қарсы күресу стансасында "Заңгер", Арал аудандық Әділет басқармасында келісім-шарт бойынша канцелярия бөлімінде жұмыс жасадым. Мен үш жылдан бері жұмысқа тұра алмай жүрмін. Мен былтыр, яғни 2017 жылы 19 қаңтарда Мемлекеттік қызмет туралы тесттен өткенмін, бірақ сертификат мерзімі бір жыл болғандықтан сертификатым жарамай қалды, қайтадан биыл 2018 жылы 19 қаңтарда Мемлекеттік қызмет туралы тесттен, аттестациядан өтіп келдім. Бұл құжаттарымды Арал аудандық әкімшілігінің персоналды кадр бөліміне былтырда, биылда тапсырып койдым. Құрметті Мұхтар Әуесұлы мырза! Сізден сұрайтыным тұрақты жұмысқа тұрғызуға көмектесіңізші. Сізге алдын-ала рахмет!
14 наурыз 2018
Қаралған: 143
Армысыз Аралдың ардақты әкімі Мұхтар Оразбаев мырза! Сізді алда келе жатқан көктем мерекесімен құттықтаймын. Мен Мендыбаева Мейрамгуль "Балықшылар мұражайында" тазалықшы болып жұмыс істеймін.Айлығым шайлығыма жетпейді, себебі менің айлығым ҚР-сының ең төменгі жалақыдан да төмен.Биылғы қаулы бойынша жалақының ең төменгi мөлшерi (ЖТМ) – 28 284 теңге.Осы орайда сіздерге egov.kz порталынын ең төменгі есептік көрсеткіштер (АЕК, ЕТЖ) қарап шығуды ұсынамын http://egov.kz/cms/kk/articles/article_mci_2012. Ал менің айлығым 23 800 теңге. сонда 5000 теңге қайда?Өзіңіз ойлап қаранызшы 23 800 теңгемен 21 ғасырда қалай өмір сүреміз.Өзім жалғызбасты анамын,отбасымда екі бала тәрбиелеп отырмын.Ұлым Алматыда ақылы бөлімде оқиды,қызым мектепте 5 оқиды.Неше жылдан бері екі баламды өзім асырап адам қылып отырмын.Қазақта жетімін жылатпаған,жесіріне пана болған халық емеспіз ба?Қамқоршым жоқ,баламды әрең оқытып отырмын,даже кредит алуға да айлығым жетпейді. Қазіргі кезде аула сыпырушының айлығы көбейіп кеткен,олар 30 мың теңге алады Жә оны қойшы бір жетімнің басынан сипасан,жетпіс періште қасына келеді" дейді.Жылына келетін бір "Мектепке жол" акциясына,ұжымымнан бір де бір рет көмек алып отырған жоқпын,қазір бір мейрам, корпоротив,той,отырыс болса ғой алдына жан салмай алдын - ала ақшасын беріп кафені брондап қояды.Осы оройда Арал ауданының мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер Айбек Есмағанбетов айтады екен "Бұл жерде отқан біз қайырымдылық қоры емеспіз бар да правсаюздан сұра"депті.Мәдениетті,елге үлгі тұтар ағамыз осылай айтып отырса басқалары не демейт??? Мұражайдын басшылығы,аудандық Әділет басқармасының басшысы Зейнеш Рүстемовнадан үлгі алсын,жылда қайырымдылық жасап,халықтан алғыс алтып отырған адамдардың бірегейі. Сонда мына Арал ауданынын әкімідігі қайда қарап отыр,еңбек инспекторы қайда қарап отыр? Балықшылар мұражайының есепшісі Ықыласов Базарбайға барсам ол маған " сен түсінбейсін"деп мені қайтарып жіберді.Ол менің айлығымды жегенімен қоймай,менің алатын еңбек демалысымдағы ақымды (отпскной) да жеп отыр.Адамда қанағат деген болу керек қой?Жетім,жесірдің айлығын жеп қайда барам деп отыр? Ел ішінде "жегеннің желкесі кесілсін"деген қарғыс бар,бірақ Базарбай ағаны қарғамаймын,жоғарыдан қарап тұрған бір Құдайдын көзі түзу болсын,бір Аллаға тапсырдым. Баяғыды біреу " ойбооой халқыма қай жоқтауымды айтайын,айта берсем көп қой"деген екен.Сол сияқты меніңде әкімге айтатын әңгімем көп,Жоғарыда айтып отырған отпскнойым ол бір әңгіме.2016 жылда еңбек демалысымда 40 мың теңге алсам,2017 жылы 46 мың теңге алып қанағат тұттым.Бұл недеген сұмдық???Бұл бір кісілердің бір айлық алатын жалақысы емеспе? Сонда менің бір жылдық жұмыс істеген күндерім қайда қалды,экологиялық коэфиценттер қайда?Бұл жерде нағыз әділетсіздік болып тұр ғой.Әлде бұл жерде Мұражайдын басшысы Мәди мырзаның қатысы бар ма деп ойлаймын,я болмаса Базарғали өзі барлық ақшаны жымқырып отыр.Жемқорлыққа жол жоқ деп аймандай етіп мақала жазамыз газетке,ал оның орындалуы,жемқорлықты доғарылуы басылып жатқан жоқ.Осындай нарседен басталады жемқорлық деген.Әйел алса,жесе қойш әйел қашанда қатындығын жасайды,ал еркек жеген деген еркектік намысына сын емеспа,тіптен ұят емеспа? ҚР еңбек сіңірген қайраткер Ханзада апайымыз,мұражайдан зейнетке шығып бара жатқан кезде " менің қызымның айлығын 1 ставкыге көтеріндер" деп,маған жанашырлық білдіріп айтып кеткен еді.Сол Ханзада апаның сөзі далада қалды ма? Ұжымда менен басқа барлығы толық ставкамен жұмыс істейді.Әкім мырза менің де айлығымды толық ставкамен көтеруді сұраймын. Жоғарыдағы айтылған былықтарға басшылықтың жауабын күтемін,егер де менің жағдайым,сұранысым оң жағынан қаралмаса мен Қырымбек Көшербаевқа,Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлікке,одан қалсы жаңалықты шырылдатып жеткізетін КТК,31 арна "Информбюро",Ирина Советжанқызы барлығына жазамын,ізденемін,жылы жауып қоймаймын.Және өзіңіздің жеке қабылдауынызға жазылып,ой пікір алмасуды ұсынамын.
27 ақпан 2018
Қаралған: 183

Бөлім таңдау арқылы сұрағыңызды тұжырымдаңыз:

Пайдалы сiлтемелер