Аудан әкімінің орынбасарлары

Өтешов Рүстем Баймырзаұлы - 1983 жылы 19 қазанда Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000-2004 жылдары «Әлеуметтік саладағы экономика және менеджменті» мамандығы бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. 2004-2006 жылдары Қазақстандық гуманитарлық заң универститетінің юриспруденция бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесіне ие болған. 2004 - 2005 жылдары  «Ақтөбе облысының коммуналдық меншік басқармасы» ММ-де мемлекеттік сатып алу бөлімінің жетекші маманы.2005 - 2006 жылдары «Ақтөбе облысының әкімі аппараты» ММ-де ұйымдастыру жұмысы бөлімінің жетекші және бас маманы.2006 жылдары «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті» ММ-де лицензиялау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы.2006 - 2007 жылдары «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті» ММ-де мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімінің бас маманы.2007 - 2011 жылдар аралығында «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-де мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімінің басшысы.2011 - 2012 жылдары «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-де бюджет шығыстарын бақылау бөлімінің бас мемлекеттік бақылаушы-тексерушісі.2012 – 2014  жылдары «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-де бюджет шығыстарын бақылау бөлімінің басшысы.2014 жылдың 12 қарашасынан бастап осы уақытқа дейін Арал ауданы, әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.
Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.

Аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешовтың функционалдық міндеттері

Аудандық қаржы, экономика және бюджеттік  жоспарлау, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, ауыл шаруашылығы, ветеринария бөлімдерінің жұмысына жетекшілік етеді.  

Аудан көлеміндегі қаржы-несие саясаты, сауда және мемлекеттік сатып алу, агроөнеркәсіп кешені, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, оның өнімдерін ұқсату мен сатып алу, есеп айырысу тәртібі, мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру, салықтар мен басқа да төлемдердің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету, аудан бюджетінің орындалуы және бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалану, зейнетақыны уақытылы төлеу мәселелері. Экономикалық реформа, аудан экономикасы қызметінің ағымдағы және болашақ мәселелері, индустриалдық-инновациялық даму, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу  жұмыстарына басшылық жасау.

Басқаратын саласы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын үйлестіру. Нарықтық қатынастарды енгізу, кіші және орта бизнесті қолдау, шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері. Статистика, қазынашылық, салық басқармалары, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы,  банктердің, жылжымайтын мүлік, ветеринариялық стансасы, орман шаруашылығы мекемелері, «Барсакелмес» қорығы, ауылшаруашылық құрылымдарының  жұмыстарын үйлестіру.

Аудан көлемінде ауданның коммуналдық меншігін тиімді және мақсатты пайдалану жөніндегі комиссия, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі, аудан бюджетінің салық салу базасын кеңейту және ұсыныстар дайындау жөніндегі, сауда базарларына (рыноктарына) санат беру жөніндегі, рұқсат беру рәсімдерін қайта қарау және түгендеу жөніндегі жұмысшы  комиссиялардың жұмысын басқару. Аудан әкімінің орынбасары М.Ә.Оразбаев, Н.Ж.Әлішевалар жұмыста болмаған кезде олардың қызметін қоса атқарады.

 


Арал ауданы әкімінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 305 өкімімен Арал ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Әбішев Еркін Жұмаханұлы тағайындалды.

Әбішев Еркін Жұмаханұлы – 1987 жылы 3 маусымда Арал ауданы, Октябрь ауылдық советінде дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2008 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, «Аудармашы-референт» және

2010 жылы «Болашақ» университетін, «Экономист» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын, 2009 жылы Қызылорда облыстық «Азаматтық Альянс» қауымдастығы» Қазалы ауданы бойынша өкілі болып бастаған.

2010 - 2013 жылдары Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

2013 - 2014 жылдар аралығында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарына мониторингі бөлімінің бас маманы және осы бөлімнің басшысы қызметтерін атқарған.

2014-2017 жылдары Арал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы;

2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін Октябрь ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 1 бала тәрбиелеп өсіруде.

Аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішевтің функционалдық міндеттері

Аудандық білім, ішкі саясат, дене шынықтыру және спорт,  мәдениет және тілдерді дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің   және жұмыспен қамту орталығының жұмысына жетекшілік етеді.

Әділет басқармасы, аудандық денсаулық сақтау мекемесі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының, жастарды қолдау орталығының, пошта, мұрағат, обаға қарсы күресу стансасы мекемелерінің жұмыстарын үйлестіреді.
Ішкі саясатты жүргізу, ұлтаралық келісім және тіл саясаты, атқарушы органдардың өкілді органдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, өзге де азаматтық қоғам институттарымен  және діни ұйымдармен өзара іс қимыл мәселелері.Ауданда Елбасы мен Үкіметтің ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру жөнінде саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жүргізу, әлеуметтік қайшылықтардың алдын алу, тұрмысы төмен азаматтарға көмек көрсету, діни экстремизмге қарсы насихат жұмыстарын және тарихи Отанына оралған оралмандарды қабылдау мен орналастыруды  үйлестіру.

Басқаратын саласы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын үйлестіру.
Аудан әкімі жанындағы «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау», «Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі», «Жұқпалы ауруларға қарсы күрес жөніндегі», «Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі», «Арал ауданының Құрметті азаматы атағын беру туралы» үйлестіру комиссияларын, аудандық ономастика жөніндегі жұмысшы тобын, мерзімді әскерге шақыруды ұйымдастыру  комиссиясын  басқарады.

Аудан әкімінің орынбасары Р.Б. Өтешов жұмыста болмаған кезде оның  орнын  алмастырады.

 


 

Арал ауданы әкімінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 504 санды өкімімен Арал ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Мейірбеков Мерей Маманбайұлы тағайындалды.

Мейірбеков Мерей Маманбайұлы – 1984 жылдың 21 қазанында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, «Экономика» мамандығы бойынша және 2011 жылы Қазтұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетін,  «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын, 2006 жылы Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің ақпараттық-талдау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2006 - 2008 жылдары Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

2008 - 2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар министрліктерінде сарапшы, бас сарапшы болып жұмыс жасаған.

2013 - 2014 жылы  Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бас маман.

2014 - 2015 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппаратында бас инспектор, облыс әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған.

2015 жылдың қараша-желтоқсан айлары арағында Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында бөлім басшысы және желтоқсан айынан бастап осы уақытқа дейін осы басқарма басшысының орынбасары  қызметін атқарып келеді.

 

Пайдалы сiлтемелер