Халықпен жұмыс

Өтініштерді Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» порталы арқылы жіберу

Қазақстан Республикасының Заңы Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы 

 


 

12-бап. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге шағым жасау

  1. Лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ субъектінің шешімдеріне бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектіге, жеке немесе заңды тұлғаға тиісті субъектінің немесе заңды тұлғаның іс-әрекет жасағаны не шешім қабылдағаны туралы белгілі болған кезден бастап, үш айдан кешіктірілмей шағым беріледі.
  2. Шағым беру мерзімінің өтіп кетуі субъекті немесе заңды тұлға үшін шағымды қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Шағым беру мерзімінің өтіп кету себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негіздердің бірі болып шығуы мүмкін.
  3. Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз беруші қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда арыз тікелей сотқа беріледі


13-бап. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдау

  1. Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемiнде бiр рет тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн қабылдау кестесiне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде осы органдардың қызметкерлерiн жеке қабылдауды жүргiзуге мiндеттi.
  2. Қабылдау белгiленген әрi жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткiзiлген күн мен сағатта жұмыс орны бойынша өткiзiлуге тиiс.
  3. Егер өтiнiштi лауазымды тұлға қабылдау кезiнде шеше алмаса, ол жазбаша нысанда баяндалады және онымен жазбаша өтiнiш ретiнде жұмыс жүргiзiледi.

 


 

АРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНДА ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІН
ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

АТЫ-ЖӨНІ, ТЕГІ

ЛАУАЗЫМЫ

ҚАБЫЛДАУ КҮНДЕРІ

ҚАБЫЛДАУ САҒАТЫ

Оразбаев Мұхтар Әуесұлы

 Аудан әкімі

Сәрсенбі - 15.00-18.00

№14 бөлме, 2-18-80

Мейірбеков Мерей Маманбайұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Сейсенбі - 15.00-18.00

№19 бөлме, 2-14-80

Өтешев Рүстем Баймырзаұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Бейсенбі - 15.00-18.00

№24 бөлме, 2-19-50

Әлішева  Жұмагүл Нақтайқызы

Аудан әкімінің  орынбасары

Жұма - 15.00-18.00

№ 28 бөлме, 2-19-00

Бохаев Нұрмұхамед Омарұлы

Аудан әкімі аппаратының басшысы

Жұма - 15.00-18.00

№19 бөлме, 2-20-00

 

Ескерту: Қабылдауға алдын-ала жазылу аудан әкімі аппаратының № 5 бөлмесінде әр аптаның сейсенбі күні сағат 09.00 – 19.00 аралығында жүргізіледі.
Анықтама телефоны: 2-25-41, 2-11-62  (128)

 


14 қазан 2017
Арал ауданы әкімі аппаратында 2017 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу туралы ақпарат
Жүктеу » (19.52 Кб)
13 шiлде 2017
Арал ауданы әкімі аппаратында 2017 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу туралы ақпарат
Жүктеу » (16.63 Кб)
13 сәуiр 2017
Арал ауданы әкімі аппаратында 2017 жылдың 3 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу туралы ақпарат
Жүктеу » (16.16 Кб)
05 шiлде 2016
2016 жылғы есепті кездесуде аудан тұрғындары тарапынан көтерілген ұсыныс-пікірлердің орындалуы туралы
Жүктеу » (52.01 Кб)
08 қаңтар 2016
Арал қаласы әкімі аппаратында 2015 жылдың 12 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу туралы ақпарат
Жүктеу » (12.02 Кб)
09 қазан 2015
Арал қаласы әкімі аппаратында 2015 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу туралы ақпарат
Жүктеу » (14.19 Кб)
14 шiлде 2015
Арал қаласы әкімі аппаратында 2015 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу туралы ақпарат
Жүктеу » (13.77 Кб)

Пайдалы сiлтемелер