"Нұр Отан" партиясы

«Нұр Отан» - халықтық партия. Бізге ел тағдыры үшін жауапкершілік жүктелген. Партиямыз өзінің құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Партиямыздың негізін қалаушы, яки Елбасының сарабдал саясатының арқасында мемлекетіміз орнықты даму үстінде. «Нұр Отан»   Елбасының  саяси  ұланы  ретінде,  биліктегі    партия  ретінде   бүкіл  жауапкершілік  салмағын  сезіне   отырып,   ұлттық патриоттық  жұмылуға  шақырады.

Аудан бойынша 33 бастауыш партия және 98 топтық партия ұйымдары бар. Сонымен қатар, 6824 партия мүшесі бар. Айта кететін жәйт, партия қатарына қосылам деушілердің жылдан жылға көбеюі.

Партиялық жобалар

 «Ардаргерлерді ардақтайық» партиялық жобасы. Жоба аясында  аудан бойынша жалғыз басты қарттарға және Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне көмек көрсетілуде. Партияның қолдауымен ауыл жастары шалғай тұратын қарттардың үйлеріне барып, қолғабыс етуде. Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай Ұлы Отан соғыс ардагері Т.Жанысов атамыздың үй шаруашылығына көмектесті, Ұлы Жеңістің 71 жыл толуына орай тыл ардагері  Ш.Сәдуақасовпен жүздесті. Жүздесу барысында жастар сұрапыл  соғыс жылдарындағы ақсақалдың өмірі мен еңбек жолымен қанықты. Соғыс және тыл ардагерлері шипажайға жіберілді. Аудандық мәдениет үйінде ардагерлерге арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.

«Кедергісіз келешек» Партияның саяси доктринасына сәйкес әлеуметтік қызметтерге, өмірдің тиісті жоғарғы стандарттарына барлық азаматтардың қол жетімділігі тең болуы тиіс.Осы орайда, партияның қабылдау бөліміне келген мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмектесуге ықпал жасалуда. Мүгедек жандардын мекемелерге емін еркін кіріп-шығуы үшін пандустардың  талапқа сәйкес болуы жіті назарда. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың проблемаларын шешу үшін мемлекеттік органдарды, азаматтық қоғамды, бизнесті жұмылдыру. Аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға бос жұмыс орын жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді.Мүгедек жандардың жұмыссыздығын азайту мақсатында, Аудандық кәсіпкерлік бөлімнің мамандарының қатысуымен кездесулер болды.

Бақытты балалық шақ жобасы. Жас ұрпақ- мемлекетіміздің болашағы. Партияның саяси Доктринасында отбасы қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың маңызды институты деп айтылған. Отбасында ұрпақтар сабақтастығы, аға буынға деген құрмет, балаларға қамқорлық, өзара қолдап-демеу дәстүрлері, еңбексүйгіштік және білімге деген құштарлық қалыптасады. Отбасын нығайту және дәстүрлерді сақтау мемлекеттігіміздің дамуының басты жағдайларының бірі болып табылады.

Қоғамда партияның Саяси Доктринасының құндылықтарын ілгерілету жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясаттың контекстінде практикалық көрініс табады. Отбасының және отбасылық тәрбиенің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірін, сондай-ақ  азаматтардың өз балаларынан бас тарту әрекеттерін қоғамның қабылдамауын қалыптастыру – партияның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында «Нұр Отан – балаларға» акциясы бойынша қаладағы психологиялық-педагогикалық түзету орталығының балалары, аудандық филиалдың бастамасымен «Қамбаш» сауықтыру кешенінде жазғы демалысын қызықты өткізді.  Акция аясында партия депутаттары мүмкіндігі шектеулі және  тұрмысы  төмен отбасыдан шыққан балаларға қаржылай және заттай көмектесті. Арал қаласы әкімі аппаратының балалар мен 18 жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесімен бірлескен "Нұр Отан-балаларға!" акциясы аясында З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде "Сыңғырласын әрқашан балалықтың күлкісі" атты мүмкіндігі шектеулі балалардың концерті өтті.

«Айқын тариф» жобасы.  Осы жылы орын алған теңгенің құлдыруы салдарынан, халық тұтынатын заттардың құны күр өсуі орын алды. «Айқын тариф» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы өкілдері  бағаның тұрақтылығына мониторинг  жүргізіп келеді және тиісті орындармен бірлескен шаралар өткізілуде.

«Сыбайлас жемқорлық жоқ ел-өркендеуші ел»  жобасы.

Қазіргі кезеңде  сыбайлас  жемқорлықты  еңсеру  ел  дамуының   

аса  маңызды  басымдықтарының    бірі  болып  табылады.  Жемқорлық  деңгейін  күрт   төмендетпейінше   эканомикалық  қауіпсіздік, көлеңкелі  эканомиканы  қысқарту  және  шағын  және  орта  бизнесті    дамыту  мүмкін емес.

Елбасымыздың 5институттық  реформасы  және  «Нұр Отанның»

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  2015-2025   жылдарға  арналған бағдарламасы  ел  сыртқы   тәуекелдерімен  және  сілкіністерімен   бетпе-бет   келіп  отырған бүгінгі  таңда бұрынғыдан  да   көкейкесті  бола   түседі. Міне,  осы орайда  біздің  партия  жемқорлықтың   кез  келген көріністеріне  атымен  төзбеушілік  ахуалын  жасау  жолымен  жемқорлыққа  қарсы  қозғалысқа  бүкіл қоғамды  тартуға  салмақ  салуда. Аудандық партия филиалы мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып келеді.

Аудандық партия филиалы партияның бақылау комисииясымен бірге сыбайлас жемқорлыққа байланысты  мәжілістер өткізіп, салынып жатқан әлеуметтік нысандарға бюджет қаржысының игерілуі мен тиімді жұмсалуы, құрылыс саласына бақылау жасауда.

«Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы.

Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына 2014 жылғы 11 қарашадағы Жолдауында «Экономика дамуының жаңа сыртқы қауіптерін ескере отырып, іскерлік белсенділікті және жұмыспен қамтуды ынталандыру үшін жаңа бастамалар керек» деп атап өтіп, Инфрақұрылымды дамыту жоспарын жариялады.

Жұмыспен қамту саясатының ерекше мәні ел халқының 43%-ы тұрып жатқан ауылдарда жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады.

Жобаның басты идеологиялық аспектілерінің бірі мамандандырылған ҮЕҰ, жастар қоғамдық бірлестіктерін тарту арқылы партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологиясын ілгерілету, спикерлердің сөйлейтін сөздерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы партия бағдарламасының қағидаларын пайдалану, жобаның мақсатты топтары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру бойынша мақсатты іс-шараларды өткізу және т.б. Осы жобаның аясында ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасының шарттары мен механизмін ауыл тұрғындарына түсіндірілді.

«Ұлы Дала Елі» жобасы

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының маңызды бағытының бірі – ұлттық құндылықтарды сақтау, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраларды көздің қарашығындай сақтау, келешек ұрпаққа аманат ету. 

Партияның Саяси доктринасында ұлттық мәдениет пен дәстүрді дамыту стратегиялық басымдық ретінде белгіленген.

Сондықтан, бұл жоба ұлттық құндылықтарды көпшілікке танытуға және тәуелсіздік идеясын, елдегі халықтар достығын, береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты насихаттауға, сондай-ақ, сол арқылы жас ұрпақты адамгершілік, отан сүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеуге арналады.

«Ұлы Дала Елі» жобасы бойынша аудан жастарына отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында Мәдениет үйінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған фильм көрсетілді. «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының қолдауымен ардагерлер арасында шахмат ойыны ұйымдастырылды және филиал атынан сый-сияпаттар берілді.Сонымен қатар, Орталық алаңда  қазақша күрестен жасөспірімдер арасында турнир өтті. Бастауыш партия ұйымдары ұйымдары «Ұлы дала Елі» жобасы бойынша іс – шаралар бекітіп, сол бойынша жұмыс атқаруда.

«Сәтті қадам» жобасының негізгі мақсаты - Жас мамандар мен ЖОО және ТқЖБ түлектерін еңбек ұжымында әлеуметтендіру.Партиялық жоба аясында  аудан бойынша жастарға жобаның міндеттері мен мақсаттары жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, Нәтижесінде  жұмысқа тұрақты орналасқан жастарға сәтті қадам тілектестігі берілуде.

«Жас Отан – жастарға!»  жобасы  «Мықты ұлт дегеніміз – мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне үлес қосуға дайын тұратын жауапты азаматтар. Жастарды отаншылдықтың арқауына айналатын осынау құндылықтарды қастерлейтіндей етіп тәрбиелеу әрқашанда Қазақстанның табысқа жетуі мен өркендеуінің кепілі болмақ» деп атап көрсетілген Нұр Отан» партиясының Доктринасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының XV съезінде партия басты патриоттық күш және Стратегия-2050-де, сондай-ақ «Нұрлы Жол – Путь в Будущее» Жолдауында жарияланған жаңа қазақстандық патриотизмнің жалпыұлттық орталығы болуы тиіс деп атап өткен болатын. Бұл қағида «Жастар - Отанға!» жобасының негізіне айналды. «Жас Отан – жастарға» жобасы аясында  жастар мен кездесулер ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, аудан бойынша «Жолда қабылдау», «Әділет кеңес береді» акциялары тұрақты түрде жүргізіп тұр.

Қоғамдық қабылдау

Қоғамдық қабылдауға келер болсақ, жыл басынан бері аудандық филиалда барлығы 180 арыз-шағым тіркелді.Оның ішінде:

Денсаулық сақтау саласы бойынша – 3

Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша – 9

Тұрғын үй және жер мәселесі бойынша – 9

Жұмыс мәселесі бойынша – 147

Жер бөлі және үй мәселесі бойынша – 3

Бизнес және кәсіпкерлік бойынша – 2

Несие беру мәселесі бойынша -1

Сот және құқық қорғау жүйесі бойынша – 2

Тұрғындардан түскен шағымдар -3

Сондай – ақ аудандық партия филиалында қоғамдық қабылдаудың тұрақты кестесі жасалған. Осы кестеге сай, аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының, мәслихат депуттарының  тұрғындармен кездесуі тұрақты түрде аудандық филиалдың мәжіліс залында өткізуде.

 

Пайдалы сiлтемелер